Оқиға

Алматы фонтандарының бірінде күтпеген жағдай болды: оқиға куәгері мән-жайды айтып берді

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurҚазақ мемлекеттік циркі маңындағы фонтан
Қазақ мемлекеттік циркі маңындағы фонтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2021
Жазылу
Оқиға куәгерлері үш адамды құтқарған студент өз өмірін қатерге тіккенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соққандарды құтқарып қалған студент Абылай Балапанов марапатқа ұсынылады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Марапаттауға ұсынылады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда", - деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Әлеуметтік желіде Абылай есімді жігіттің жүрексінбей, адамдарға көмекке алғашқы болып асыққанын жазуда.

Ол 19 жаста, Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университетінің студенті.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт көмек сұраған адамдардың жан айқайын естігенде бірден фонтанға жүгірген. Ол зардап шеккен әйелді шығарып жатып өзі де тоққа түседі.

Оқиға куәгерлері жігіттің өзін жаман сезінгенін айтады. Жақын жерде кішкентай қызды құтқарған 40-50 жастағы ер адам болған.

Фонтан жанында балаларымен отырған Үкілай Бестай оқиға орнынан кадрларды жариялады. Оның айтуынша, екі қызды электр тогы ұрған. Оларды шығарамын деп қыздардың біреуінің анасы да темірге жабысып қалған.

"Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады. Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін тоқ соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды", - дейді видео авторы.

Бестайдың айтуынша, аман қалған қыздардың бірі Талдықорғаннан келген, анасының құрбысы лагерден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен.

Әзірге билік журналистерге түсініктеме беруге асығар емес. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы кейінірек айтуға уәде берді.

Жаңалықтар
0