Оқиға

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан жеті адам көз жұмды

© Photo : РixabayЖол, белгі
Жол, белгі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2021
Жазылу
Жүргізушілер мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханада қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Алматы облысында Алматы - Көкпек-Көктал тас жолында жеті адам қаза тапты. Олардың арасында төрт бала бар, біреуі небәрі төрт айлық болған.

Трагедия 19 маусым, сенбі кешке болды. Байсейіт кентінің маңында екі жеңіл көлік соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Rav4 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, Audi-мен соқтығысқан.

Быт-шыты шыққан көліктердің суреттері әлеуметтік желіде тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам жақын маңдағы Шелек ауылының ауруханасында жан тапсырды.

16, 13, 8 жастағы балалар мерт болды. Сондай-ақ төрт айлық сәби қайтыс болды, деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін Атырау облысында Доссор – Құлсары тас жолында үш адам қаза болған еді.

Жаңалықтар
0