Видео

Ресей мен АҚШ арасында жаңа қырғи-қабақ соғыс бастала ма – видео

Жазылу
Джо Байден Владимир Путинмен өткен алғашқы кездесуді позитивті деп атады. АҚШ басшысының сөзінше, америкалықтар антиресейлік саясат жүргізбейді, бірақ дау туғызатын мәселелер жоқ емес

Баспасөз мәслихаты барысында америкалық лидер Ресей де, АҚШ та жаңа қырғи-қабақ соғысқа мүдделі емес екенін мәлімдеді.

АҚШ президентінің Украина, кибершабуылдар мен Навальный туралы не ойлайтынын Женевада өткен баспасөз мәслихатының толық нұсқасынан көріңіз.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі 16 маусымда Женевада өтті.

Екі ел көшбасшылары Ресей-Америка қарым-қатынасының жай-күйі мен даму перспективаларын, стратегиялық тұрақтылық, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Путин мен Байден алғаш рет Мәскеуде 2011 жылы 10 наурызда кездескен еді.

Ол кезде Путин Ресей премьер-министрі, ал Байден Барак Обаманың әкімшілігінде АҚШ вице-президенті қызметін атқарған болатын.

 

 

Жаңалықтар
0