Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан полицейлері лифт ішінде түсірілген видеоның кейіпкерін тапты

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт, иллюстративное фото
Лифт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2021
Жазылу
Сот лифт экранын сындырған бұзақыға 14,5 мың теңге көлемінде айыппұл салды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтан тұрғын үй кешендерінің бірінде мониторды сындырған адамды тапты.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның лифт кабинасындағы мониторды сындырып тастағаны жайлы видео жарияланған болатын.

Полицейлер бұзақыны тапты – ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзушының кім екені бейнекамералар арқылы анықталды.

Елорда тұрғыны жұдырығының күшін "тексеріп" көрген кезде мас болған.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот тәртіп бұзушыға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 14 585 теңге (35 долларға жуық) айыппұл салды.

Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған әйелдің кім екені белгілі болды

Тәртіп сақшылары тұрғындарды ортақ үй мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып, қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланатынын еске салды.  

Жаңалықтар
0