НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қайтыс болған адамдардың санын жариялады. Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, "ковидтік" пневмониядан 1 адам көз жұмды.
18 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 20 899 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 403 пациент стационарда, 14 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Оқи отырыңыз: Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады - инфекционист түсіндірді
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 442 адамның жағдайы ауыр,
- 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Пандемия басталғалы 406 383 адам коронавирус жұқтырды, 4 211-і қайтыс болды.