Өңірлер

Павлодарда салынып жатқан ғимарат қирады: үш адам зардап шекті

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуСтроительство дома, архивное фото
Строительство дома, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Төтенше жағдай салдарынан Өзбекстанның үш азаматы ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Павлодарда салынып жатқан ғимарат опырылып кетіп салдарынан үш адам зардап шекті.

Оқиға 17 маусым күні сағат 19: 41-де болды. Торайғыров көшесі 75/3 мекенжайы бойынша салынып жатқан нысанның қабаттар аралығы құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі қабаттағы құлаған еден аумағы 60 шаршы метр.

Оқиға салдарынан үш жұмысшы - Өзбекстан азаматтары әртүрлі дене жарақаттарын алды.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Өскеменде жатақхананың төбесі опырылып түсті - видео

Полиция бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 277-бабы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады. Бұл бап айыппұл төлеу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда.

Құрылыстың мердігері павлодарлық компаниялардың бірі.

Жаңалықтар
0