НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Орал қаласының айналма тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
© Photo : БҚО полиция департаментіОралда мотоцикл мен көлік соқтығысты
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты
© Photo : БҚО полиция департаменті
Оқиға орнында түсірілген фотодан спорт мотоциклін мінген ер адамның жеңіл көліктің бүйіріне соғылғаны анық көрініп тұр. Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен.
"18 маусым күні сағат 15:03-те Орал қаласының айналма жолында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, мотоцикл жүргізушісі 31, ал Volkswagen Passat-тың иесі 62 жаста болған.