Денсаулық

Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады -  дәрігер түсіндірді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВыдача сертификатов международного образца о вакцинации от COVID-19 в аэропорту Домодедово
Выдача сертификатов международного образца о вакцинации от COVID-19 в аэропорту Домодедово - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Вирусқа қарсы иммунитет қалыптасса, коронавирустың ауыр формасына шалдығу қаупі төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ресейлік инфекционист-дәрігер Андрей Поздняков вакцина салдырған адамдардың коронавирусты не себепті жұқтыратынын түсіндірді. 

"Біріншіден, әрбір адамның иммундық жүйесі әртүрлі. Сосын кейбір адамдарға вакцина әсер етпейді. Иә, адам ағзасына тән осындай бір ерекшеліктер болады. Осы топқа кіретін адамдар үшін екпенің стандартты дозасы тым аз, я болмаса, тым көп болып кетеді", - деді Поздняков РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.

Сол себепті бірде-бір вакцина өндіруші компания өз өніміне 100 процент кепілдік бере алмайды. Ал ауада вирус тым көп болса, кез келген адам аурады. Оған мықты иммунитет те көмектеспейді.

"Сондықтан вакцина алсаңыз да, сақтық шараларын ұмытпау қажет. Адам көп жүретін жерге бармауға тырысқан жөн", - деп атап көрсетті инфекционист.

Оның айтуынша, вирусқа қарсы иммунитет қалыптасса, коронавирустың ауыр формасына шалдығу қаупі төмендейді.

Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте Қазақстанда 1 174 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

"Адам ағзасына таныс вирус түскенде иммундық процесс басталады. G иммуноглобулиндері іске қосылады. Осының арқасында ауру жеңіл өтеді, қатты өршіп кетсе де, өкпенің зақымдануы, ірі қан тамырларының тромбозы болмайды. Адам кәдімгідей тұмаумен ауырғандай болады", - дейді Поздняков.

Жаңалықтар
0