Өңірлер

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады - оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейские продолжают работать в ЖК "Бухар Жырау"
Полицейские продолжают работать в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Жараланған 20 мен 24 жас аралығындағы азаматтар Сарысу ауданының ауруханасына жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамға оқ атты, деп хабарлайда "КТК" телеарнасы.

Жараланған 20 мен 24 жас аралығындағы азаматтар Сарысу ауданының ауруханасына жеткізілген. Жағдайы ауыр. Екеуі Тараздағы емдеу мекемесіне шұғыл ауыстырылды. Басына тиген оқтан миына қан құйылған

"Түскен кезде бір науқастың жағдайы ауыр болған. Миына ота жасалынып, ұйыған қан алынды. Бүгінгі жағдайы жасалған отаға сай. Есі бар. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Екінші науқас жедел түрде отасыз емделіп жатыр. Қазір ем алып жатыр", - деді Тараз қаласы көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі Гамзад Мұсаев.

Оқиға Саудакент ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, ауыл жастары ерегесіп, арты атысқа ұласқан. Текетірестен кетіп қалған  22 жастағы жергілікті тұрғын қайта оралып бір топ жігітті 16-шы калибрлі мылтықпен жайратып салған. Шамамен 30 метр қашықтықтан атылған бытырадан бес адам жараланған. Оқ екеуінің аяғына, біреуінің ішіне тиген. Олар қазір аудандық ауруханада жатыр. Ал, басынан жарақат алған екеуі Тараздағы емдеу мекемесіне шұғыл жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қару қолданған күдікті қолға түсті. 

Оқи отырыңыз: Оқталмаған деп ойлаған: Петропавл тұрғыны тапаншамен алдымен досын, кейін өзін атып салды  

"Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Жамбыл облысы полиция департаменті криминалдық полиция бастығы Ардақ Мәдімаров.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен "Бірнеше адамды өлтіруге оқталу" бабымен іс қозғалды.

Жаңалықтар
0