Қоғам

Цой медицина қызметкерлерін құттықтады

© REUTERS / YVES HERMANМедики в защитных масках
Медики в защитных масках  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Ол барлық медицина қызметкеріне қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға қосқан үлесі алғысын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр медицина қызметкерлері еліміздің стратегиялық ресурсы екенін атап өтіп, Қазақстанда денсаулық сақтау саласының даму қарқынына тоқталды.

"Әрқайсыңыз жүрегіңіздің шақыруы бойынша өз тағдырыңызды терең білімді, ерекше еңбекқорлықты, ең бастысы сезімталдықты, жауаптылықты және гуманизмді қажет ететін осы асыл кәсіппен байланыстырдыңыз. Қазақстанда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді – жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі ұлғаюда, жаңа перинаталдық орталықтар салынуда, инновациялық әзірлемелер енгізілуде. Осының арқасында жақында сирек кездесетін және күрделі аурулар бүгінде сәтті диагноз қойылып, емделіп жатыр", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Айтуынша, елімізде өмір сүру ұзақтығы артып, туу көрсеткіші өсіп жатыр.

"Осы жетістіктердің әрқайсысының артында медицина қызметкерлерінің үлкен еңбегі тұр. Пандемия бізді көптеген құндылықтарды қайта қарауға мәжбүр етті, әсіресе ақ халаттағы адамдарға деген көзқарасты өзгертті. Олар екі жыл бойы көрінбейтін жаумен күресіп, әр науқастың өмірін сақтау үшін өз денсаулығына қауіп төндіреді", - деді Цой.

Аурудан сауыққандар артында пандемиямен күресте мыңдаған медицина қызметкерлерінің қажырлы және батырлық еңбегі жатыр, деп толықтырды ол.

"Барлық медицина қызметкеріне олардың қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз мезгілсіз кеткен әріптестеріміздің қазасына қатты қайғырамыз. Әр адам – бұл елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін орны толмас шығын. Қайтыс болған дәрігерлер туралы жарқын естелік мыңдаған пациенттің жүрегінде қалады", - деді денсаулық сақтау министрі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның вакциналау паспорты қай елдерде мойындалады

Айта кетейік, қазір Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер мен 185 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Біздің елімізде күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалады, мыңнан астам адам босанады, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және 18 мың жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсетіледі.

Жаңалықтар
0