Видео

Қазақстандық әскери альпинистер "Эльбрус шеңбері" сайысына дайындалып жатыр – видео

Жазылу
2021 жылғы Халықаралық армия ойындары қарсаңында әскери альпинистердің жаттығуынан видео жарияланды  

Қазақстандық әскери қызметшілер АрМИ-2021 жарыс түрлерінің бірі – "Эльбрус шеңбері" халықаралық байқауына қатысуға дайындалып жатыр.

Қарулы күштердің ең үздік альпинистерінің арасынан Халықаралық армия ойындарында ел намысын қорғайтын команда таңдалды.

Әскери альпинистердің іріктеу жаттығулары мен дайындық шаралары қыста басталды.

Қорғаныс министрінің кеңесшісі генерал-майор Әділбек Алдабергеновтің айтуынша, сайысқа Қазақстаннан барлығы 300 әскери қызметші қатысады.

"Эльбрус шеңбері" - әскери альпинистер сайысы. Жарыстың бағдарламасына жеке және командалық жартасқа өрмелеу, таулы жерлерде бағдарлау, тау өзенінен өту, ату және кедір-бұдыр жерлерде жедел жүру жарыстары кіреді.

Жаңалықтар
0