Әлем

Женевадағы саммитте Путин қандай мәлімдеме жасады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент США Джо Байден
Президент РФ Владимир Путин и президент США Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Путин Женевадағы кездесуден кейін Ресей өзіне төнген қауіпке қарай әрекет етіп отырғанын мәлімдеді  

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Женевадағы кездесу бәрі күткендей нәтижемен аяқталды: Путин мен Байден жоспарға сәйкес мәлімдеме жасап, келіссөздерді конструктивті және позитивті деп атады. Келіссөздер нәтижесі бойынша елшілер елге қайтатын болды, сотталғандарды алмасуы мүмкін. Сонымен қатар тараптар жақында қаруландыру бойынша келіссөздер жүргізуге келісті: "алдағы уақытта стратегиялық тұрақтылық бойынша кешенді екіжақты диалог іске қосылады", деп жазды РИА Новости.

Қос президент өткізген баспасөз конференциясы кезінде америкалық журналистер қойған сұрақтардан-ақ АҚШ-тың Ресей өз позициясын өзгертеді деп үміттенгенін байқауға болады. Әрине мұндай үміт Вашингтон әкімшілігінде емес, АҚШ қоғамында болғаны түсінікті.

Президент РФ Владимир Путин на пресс-конференции по итогам переговоров с президентом США Джо Байденом - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Әлем
Путин мен Байден Украинадағы жағдайды талқылады
Сол себепті америкалық БАҚ "Ресей кибершабуылдар бойынша қылмысты мойындады ма?" деген сыңайлы сауал қойды. Олар баспасөз конференциясынан кетіп бара жатқан Байденге "Сіз Путин барлығын мойындайды деп уәде еткеніңіз қайда?" деп батыл мәлімдеме жасауға дейін барды. Сондықтан Байден қайта айналып келіп, бұл жағдай бүкіл әлем қысым көрсеткенде ғана болуы мүмкін екенін жеткізді.

Соған қарағанда Америка өзінің әлемдік деңгейде әлі де ықпалы бар екеніне сенетін секілді. Оның үстіне алдыңғы президент Дональд Трампты орыстарға тым жақын деп қаралау мақсатында ойдан шығарылған айыптауларға өзі де сеніп қалған секілді. Сондықтан ол Ресейдің жазалануын және оның өз саясатын өзгертуін күтіп отыр.

Жалпы Джо Байден Ресей президентімен кездесуді өзі талап етті. Себебі ол АҚШ-тың қазіргі президенті ретінде алдыңғы көшбасшы Трамптың жол берген қателіктері мен олқылықтарын түзетуге тырысып жатқан сыңай танытуы керек. Сондықтан ол кеңесшілерімен ақылдасып, бұл кездесуге барынша дайындалды. Ол тіпті Хилари Клинтоннан мақтау сөз естіді.

Баспасөз конференциясы барысында Байден "адам құқықтарының тапталуына жол беретін болса, АҚШ Навальный ісі секілді мәселелерді көтеруді жалғастыра беретіні туралы Путинге мәлімдегенін" жеткізді. Алайда Ресей қайсыбір мемлекеттің Навальный ісі туралы сөз қозғауын басқа мемлекеттің ішкі мәселесіне араласу деп танитынын бұған дейін де мәлімдеген болатын.

Путин дал большое интервью NBC перед встречей с Байденом - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Видео
Путин Байденмен кездесу алдында NBC телеарнасына сұхбат берді – видео
"Америка Құрама Штаттары Ресейді өзінің қарсыласы әрі жауы деп таныды. Конгресс мұны 2017 жылы іске асырды. АҚШ заңнамасында Америка біздің елдегі демократиялық басқару ережелері мен тәртібін және саяси ұйымдарды қолдауы керек екені көрсетілген. Бұл сіздердің, америкалық заңда жазылған. Енді осы тұста сұрақ туындайды: егер Ресей жау болса, онда Америка Ресейдегі қандай ұйымдарға қолдау көрсетпекші? Ресей Федерациясын нығайтатын ұйымдарға емес, керісінше, тежейтін ұйымдарды қолдайды деп ойлаймын. Бұл АҚШ-тың бұқара алдында мәлімдеген мақсаты. Сондықтан бұл Американың Ресей бағытындағы саясатын іске асыруға ықпал ететін ұйымдар мен азаматтар. Сонда біз бұған қалай қарау керекпіз? Аса үлкен сақтықпен", - деп жауап берді Ресей президенті.

Сондықтан Байден үшін Навальный тақырыбын қайта-қайта қозғай беру тиімді емес. Оның үстіне Путин бұл мәселе қозғалған сайын  Капитолийге шабуыл жасағандарға қатысты іс-шаралар жайын еске салып келеді.

Женевадағы кездесуге қатысты Путин өзінің ешқандай шектен тыс үміт күтпегенін және Ресей өзіне төнген қауіпке қарай әрекет етіп отырғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0