НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлады Elbasy.kz.
Елбасы "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметімен, соның ішінде елге ауқымды шетелдік капитал тарту, адами әлеует пен креативті экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты.
"Кері әсерін тигізді:" Назарбаев мұнай компанияларының жағдайы туралы айтты
Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Тұңғыш президентіне "Астана" халықаралық қаржы орталығының 2025 жылғы дейінгі даму стратегиясының іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ алдағы орындалу жоспары туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асырудағы және ұлттық экономиканы дамытудағы "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды рөлін атап өтті.