Қоғам

Цой отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Цой үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Министр вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты екенін тағы бір мәрте атап өтті.

"Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

Бұған дейін Алексей Цой қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Ол айына шамамен екі миллион адамға вакцина егілетінін айтты. Алайда жоспар орындалмай отыр: республика бойынша вакциналау қарқыны әзірге төмен.

16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 587 884 адам вакцинаның бірінші компонентін алды, II компонент 1 480 309 адамға егілді.

Жаңалықтар
0