Экономика

Ұлттық жобалар халықтың тұрмысын жақсартуға тиіс – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Президент ұлттық жобалар қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартатын өзгерістердің тиімді құралына айналуға тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Президентке денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту, инновация және ғылым, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ұлттық жобалардың әзірлену барысы туралы мәлімет берілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты жаңа болжамды бөлісті 

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалар қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ететін нақты көрсеткіштері бар өзгерістердің тиімді құралына айналуға тиіс екенін атап өтті.

Кездесу барысында келесі айда өткізуге жоспарланып отырған Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысының күн тәртібі қарастырылды.   

Мемлекет басшысына "Астана" халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі, сондай-ақ, қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту, портфельді және тікелей инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0