Оқиға

Оралда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуӘскерге шақырылған ер адам, архивтегі сурет
Әскерге шақырылған ер адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Жас жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Оралда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін-өзі атып тастады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Қайғылы оқиға бүгін, 16 маусымда таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған.

"Қарумен өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір әскери тергеу органдары тергеу жүргізуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз", - деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.

Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0