Нью-Йоркте Ван Гог шығармашылығына жақыннан үңілуге және экстремалды импрессиноистің қолынан шыққан картиналардың бір бөлігіне айналуға мүмкіндік беретін таңғажайып мультимедиялық көрме өтті.
Бұған дейін дәл осы көрме Американың басқа қалаларында да сәтті ұйымдастырылып, өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды.
"Иммервисті Ван Гог" көрмесі – бүкіл әлемге танымал цифрлық өнер шебері Массимилиано Сиккардидің еңбегі. Көрмені тамашалағандар "жан біткен", анимацияланған картиналармен етене бітісе алады.
Еденнен ғимарат төбесіне дейін созылған аса биік күнбағыс адамдарды қаншалықты таңғалдырғанын айтпаса да түсінікті болар. Ван Гог "Күнбағыстары" көрерменді қаумалап алғандай әсер береді.
Ал "Жұлдызды аспанға" көз салған кей көрермен тіпті көзіне жас алатын көрінеді. Себебі тұңғиық аспан іштегі алай-дүлей сезімді оятатыны анық.
Бұл көрмеде импрессионистің бірқатар танымал картинасы ұсынылған. Олардың қатарында суретшінің автопортреті де бар. Сондықтан бұл Ван Гогтың жүзіне баппен үңілудің қайталанбас сәті болады.
Өнертанушылар болашақта көптеген картина дәл осы мультимедиялық форматта ұсынылатынын болжауда. Себебі өнерді жоғары бағалайтын азаматтар үшін бұл суретшінің шығармашылығымен, туындыларымен тереңірек танысудың мүмкіндігі.