Қоғам

Ресейден келген әйел министрліктің миллион долларын ұрлап кеткен  -  қылмыстың мән-жайы 

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖенщина на скамье подсудимых, архивное фото
Женщина на скамье подсудимых, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
2003 жылдың сәуір айында Киршова жалған құжаттың негізінде Қазақстан Республикасының қазынашылық басқармасына жұмысқа тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. 16 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ресейлік Светлана Киршова өз елінде ұсталды. Ол Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің бір миллион доллары мен 40 миллион теңгесін ұрлап кеткені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  "Вести Омск" арнасына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, осыдан 16 жыл бұрын Светлана Киршова Омбы қаласының көтерме базарында жұмыс істеп жүрген. Сол жерде сыбайластарының біреуін жолықтырған. Артынан тағы бір танысын алып, үшеуі Қазақстанға аттанды.

Қылмыстық топ алдымен жалған фирманы ашқан. Бір қызметкерді штатқа да қабылдады. Алайда конкурс кезінде Светланаға барынша ұқсайтын адамды іздейді. Оны үміткердің өзі білген жоқ. Осыдан кейін Киршова сыбайластарымен бірге өзіне ұқсайтын қызметкердің төлқұжаты мен жеке мәліметтерін пайдаланып, қолдан жеке куәлік жасатып алды. Содан бастап Светлана Киршова жарты жыл бойы басқа адамның аты-жөнімен жүрген.

2003 жылдың сәуір айында Киршова жалған құжаттың негізінде Қазақстан Республикасының қазынашылық басқармасына жұмысқа тұрды.

"Алты айдың ішінде ол жұмыс бабымен көтеріліп үлгерді. Бұның барлығы жоспар бойынша жасалды. Артынан ол ақшаны жалған есепшотқа аударып, банктен екі сөмкемен алып шықты. Қызметкерлер ештеңе сезген жоқ, тіпті,  нәзік қызға сөмкелерді көлікке дейін апаруға көмектесті. Осыдан кейін Киршова жұмысқа барады. Ақшаның ұрлануына қатысты тексерістің басталғанын естіген бойда үйге сұранып кетті де ізім-ғайым жоқ болып кетті. Сөйтіп, 16 жыл бойы жасырынып жүрген", - делінген сюжетте.

Күдіктінің айтуынша, алғашқы жылы құқық қорғау органдарынан жасырыну үшін 7 қалада тұрып шықты. Бас кезінде Астанадан Бурабайға қашты. Одан кейін жолда көлік арқылы шекарадан өтіп, Омбыға жетіп алды. Артынан Новосібір, Владивосток, Липецк, ең соңында Белгород облысына тоқтады. Шалғай жатқан бір ауылға барып тұрды.

Светлана Киршова ресми түрде ешқайда жұмысқа орналаспаған. Атына жылжымайтын мүлік тіркемеген. Туған-туыстарымен байланысты толығымен үзіп, полицияның көзіне түспеуге  тырысты.     

"Айыпталушы 2004 жылдан бері федералдық іздеуде болды. Өткен жылы желтоқсан айында полиция қызметкерлері оны Белгород аймағында ұстады", - дейді Омбы облысы ойынша ішкі істер министрлігі басқармасының басшысы Алексей Командыков.

Оқи отырыңыз: Атырауда үй қызметкері жұмыс берушісінің 56 миллион теңгесін ұрлап кетті

Светлана Киршованың сыйбайластары оған дейін сотталып кеткен. Екеуі де түрмеге қамалды. Қазіргі кезде алаяқтық, ақшаны жылыстату және құжатты қолдан жасау әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Киршованың өзі кінәсін мойындап отырған жоқ. Ал Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 23 миллион рубльді өндіріп беруді талап етіп отыр. Айыпталушының кінәсі дәлелденсе, оны 10 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Жаңалықтар
0