Өңірлер

Көшеге тастап кеткен: Петропавлда екі жасар баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

© Photo : Департамент полиции Северо-Казахстанской областиПолиция қызметкері көшеден табылған баламен отыр
Полиция қызметкері көшеден табылған баламен отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Жергілікті тұрғын кешке екі жасар бүлдіршіннің көшеде жалғыз жүргенін байқаған. Бір тәулік өтсе де, баланы ешкім іздеп келген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Петропавлда полицейлер мен еріктілер қаланың шағын ауданында қараусыз қалған бүлдіршіннің жақындарын іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі кешкі сегіздер шамасында Жұмысшы кентінде шамамен екі жасар ұл бала табылды. Жергілікті тұрғын жеке сектор ауданында жалғыз өзі жүгіріп жүрген бүлдіршінді патрульдік полиция батальонына тапсырды.

Ювеналды полиция қызметкерлері баланы киіндіріп, тамақтандырды. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіріп жатыр.

"Сәбидің жақындары туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз", - деді Петропавлдың полиция басқармасы ювеналды полиция басшысы Эльмира Әбішева.

Ол кәмелетке толмаған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау, білім беру, тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылғанын еске салды. Сондай-ақ балаларын қараусыз қалдыратын жауапсыз әке-шешелер ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0