Өңірлер

Өскеменде жатақхананың төбесі опырылып түсті - видео

© Photo : Noks.kzПотолок обрушился в общежитии Усть-Каменогорска
Потолок обрушился в общежитии Усть-Каменогорска - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Оқиға кеше кешкісін Тынышпаев көшесіндегі тұрғын үйде болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Өскеменде екі қабатты жатақхананың төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, адамдар аман. Оқиға кеше кешкісін Тынышпаев көшесіндегі тұрғын үйде болған.

Жатақхана типіндегі баспана 1950 жылы салынған. Ескі үйде баспалдақ тұсындағы төбе құлаған.

Мамандардың есебінше, апат орны шамамен 8 шаршы метр.

Оқи отырыңыз: Тұрақтағы көліктер жер астына түсіп кетті – жантүршігерлік видео

Оқыс оқиғадан соң жатақханада тұрып жатқан 50 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Жаңалықтар
0