НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Үндістанның Мумбаи қаласында нөсер жауынның салдарынан автокөлік жер астына түсіп кетті.
Жердің көлікті "жұтып қойған" сәті әлеуметтік желілерде тарады.
#WATCH| Car sinks into the ground in Mumbai's #Ghatkopar amid heavy rainfall pic.twitter.com/i3bbmqaN6x
— TOI Mumbai (@TOIMumbai) June 13, 2021
India Today басылымының ақпаратынша, оқиға Мумбаидың Гаткопар ауданында болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, автотұрақ орнында бұрын тереңдігі 15 метрлік құдық орналасқан. Қала билігі көлік тұрағын жасау үшін жүз жыл тұрған құдыққа бетон құйған. Алайда бір апта бұрын басталған нөсер жауын оны шайып кеткенге ұқсайды.
"Балалар көлік жер астына түсіп барады деп айғалай бастады. Мен бірден төменге жүгірдім. Көлік жартылай суға кеткен, сол кезде бірден камераны қостым. Қолымнан ештеңе келмеді, автокөлік көз алдымда суға батып кетті", - дейді Мехта.
#WATCH | Karnataka's Mangaluru received heavy rainfall earlier today
— ANI (@ANI) June 14, 2021
India Meteorological Department (IMD) has predicted 'generally cloudy sky with heavy rain' in Mangaluru for the next 3 days pic.twitter.com/5VNaZGVvY7
Оқиға орнына жеткен полицейлер мен өрт сөндірушілер көлікті құдықтан кранның көмегімен 12 сағаттан кейін алып шықты.
ТЖ кезінде зардап шеккендер жоқ.