Өңірлер

Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінің арам пиғылы жүзеге аспады

© AP Photo / John LocherНаручники. Архивное фото
Наручники. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Полицейлер Орал қаласынан келіп синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Атырауда 24 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора-2021" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы аумағында Орал қаласынан келіп синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстады.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Атырауда арнайы операция өткізді – видео

Күдіктілерден зип пакеттеріне оралған 46 дана синтетикалық есірткі табылды. Сонымен қатар олардың жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын қаптама тәркіленді. Нәтижесінде жалпы сомасы 24 миллион теңгеге жуық синтетикалық есірткінің 2 400 бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Жаңалықтар
0