Оқиға

Алматыда жүкті келіншек жолда босанып қалды

© Photo : Рixabay/PexelsБеременность
Беременность - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Аяқ асты толғағы келген келіншек перзетханаға жетіп үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Алматыда бір әйел көшеде босанып қалды. Аяқ асты толғағы келген келіншек перзетханаға жетіп үлгермеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы сол маңнан өтіп бара жатқан.

Дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған.

Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 8 наурыз қарсаңында үшем дүниеге келді

Ұлды болған келіншектің жақындары нәрестенің дүние есігін ашуға жәрдемдескен бүкіл медицина қызметкеріне алғыс айтты.

Жаңалықтар
0