Қоғам

39 градус ыстық және жаңбыр – 16 маусымда ауа райы қандай болады

© REUTERS / ARND WIEGMANNДети бегают под струями фонтана
Дети бегают под струями фонтана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Қазақстанның бірқатар облысында қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазгидромет 16 маусымға ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады.

Қалған аумақта негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыс жағалауларында тұман түседі.

Дабылды ескерту

16 маусымда күндіз Қарағанды ​​облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, қатты ыстық – 35 градус. Кейбір жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

16-18 маусымда күндіз Жамбыл облысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

16 маусымда күндіз Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 39 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында күндіз қатты ыстық болады – 35 градус.

Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусым, сәрсенбіде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

16 маусымда күндіз Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады, кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі бар.  

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, 16-17 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 15-20 метр. 16-17 маусым күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады - 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 15-17, күндіз 30-32 градус ыстық.

Алматыда ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 17-19, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

Жаңалықтар
0