Өңірлер

Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіттің денесін тас басып қалған

© Photo : МЧС КазахстанаМесто, где найдено тело погибшего туриста
Место, где найдено тело погибшего туриста - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Құтқарушылар тауда жоғалған 17 жастағы туристің мәйіті қалай табылғаны туралы айтып берді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Төтенше жағдайлар департаменті жоғалып кеткен туристердің бірінің мәйітін Түркістан облысының Өгем өзенінен қалай тапқанын хабарлады.

Іздестіріліп жатқан екі туристің бірі 12 маусымда сағат 16:20-де Өгем өзенінен өлі табылды, деп жазды Otyrar.kz. Жас жігіттің денесін тас басып қалған.

Мәйіт табылған жерге тікұшақ жақын ұшып бара алмаған. Құтқарушылар арқанмен өзен үстінде өткел жасақтап, мәйітті жағаға алып шықты, деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Санитарлық зембілмен туристің денесін тегіс жерге жеткізіп, 30 метр биіктікте тұрған тікұшақтағылар шығырдың көмегімен туристің мәйітін бортқа көтерген.   

ТЖМ хабарламасы бойынша, мәйіті анықталған азамат – 2004 жылы туған жоғалып кеткен турист. Әкесі баласының мәйітін таныды.

Еске сала кетейік, 21 мамырда жеті адам тауға шыққан: Назарбаев университетінің студенттері мен мектеп бітіруші түлек. Туристер 24 мамырда кері қайтуы керек болған. Бірақ ол күні олар байланысқа шықпаған.

Түркістан облысында тауда жоғалған тағы бір студенттің денесі табылды 

Сол кезде туристерді іздеу операциясы басталды. Бірнеше күннен кейін жоғалып кеткен үш жас жігіт табылды.

Олар туристердің бірі науқастанып қалуына байланысты екі топқа бөлінгенін айтып берді. Үшеуі сол тұста қалып, қалған төртеуі алға қарай жылжыған. Кейіннен көз жұмған екі туристің мәйіті табылды. Тағы бір туристің денесі 12 маусымда анықталды.

Жаңалықтар
0