Қоғам

21 маусымда Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламентінің қос палатасын шақыру туралы өкімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым - Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.

Қазақстан парламенті екі палатадан – мәжіліс пен сенаттан тұрады. Мәжілісте 107 депутат болады, сенат құрамына әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан екі адамнан кіреді. Қазақстан президенті сенатқа қосымша 15 адамды тағайындайды.

Жаңалықтар
0