Саммит жетекшілерінің назарын электрондық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне аудару үшін жасалған монумент саммит өтетін қонақ үйдің қарсы бетіне орнатылған.
Оны жасау үшін 20 мыңға жуық түрлі техника бөлігі, пернетақта, дискілер қажет болды.
Электрондық қалдықтардан Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Жапония премьер-министрі Ёсихиде Суга, Франция президенті Эммануэль Макрон, Италия премьер-министрі Марио Драги, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, сондай-ақ Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Джо Байденнің мүсіні жасалды.
Оқи отырыңыз: Ай алқызыл түске боялды: Жер тұрғындары ерекше құбылысты тамашалады – фото
Бұл нысан Америка президенттерінің портреттері бейнеленген атақты Рашмор жартасына көшірме ретінде құрастырылған.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, жер шарында жыл сайын 50 миллион тонна жаңа электрондық қалдықтар пайда болады. 2020 жылға арналған БҰҰ-ның ғаламдық электрондық қалдықтар мониторингінің мәліметтері бойынша, электрондық қалдықтардың өндірісі 2015 жылдан 2019 жылға дейін 21 процентке артқан.
Электрондық қоқыстан жасалған мүсіндерді видеодан тамашалаңыз.