Қазақстан президентінің телерадиокешені каналында туристік орталыққа айналып келе жатқан Түркістанға видео шақыру жарияланды.
Бүгінгі Түркістан – серпінді дамып келе жатқан туристік орталық, киелі һәм тарихи орын.
Еліміздің оңтүстігінде орналасқан көне шаһарлардың бірі Түркістан – тарихи қала. Қала іргесі біздің дәуірімізге дейін 500 жыл бұрын Самарқан, Бұхара мен Хиуадан солтүстікке қарай созылған сауда жолдарының қиылысқан тұсында қаланған.