Өңірлер

Әпкесінің 2 жасар баласын ертіп кеткен: Шымкентте жоғалған әйел табылды

© Photo : pixabay.comЖенщина с ребенком на руках, иллюстративное фото
Женщина с ребенком на руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
30 жастағы әйел жүйке жүйесі диспансерінде есепте тұрады. Бұған дейін бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Шымкентте екі жастағы баламен жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

2021 жылдың 13 маусымында Қаратау ауданының ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол сағат 18:00 шамасында 30 жастағы қызы мен екі жастағы немересі үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін хабарлаған.

30 жастағы әйел жүйке жүйесі диспансерінде есепте тұрады. Бұған дейін бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Бұл жолы әпкесінің екі жасар баласын жетектеп кеткен.

Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалғандар туралы сұрастырды.

Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 14 маусым күні сағат 13:00-де полиция қызметкерлері жоғалғандарды "Қайнарбұлақ" саяжайынан адасып жүрген жерінен аман-есен тауып, үйіне жеткізді.

Жаңалықтар
0