Өңірлер

Шардарада қорықшыны ұрып-соққан балықшылар ұсталды

© Sputnik / Igor Onuchin / Медиабанкке өтуЛодки на озере Байкал
Лодки на озере Байкал - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Жергілікті тұрғындар Шардара су қоймасында балық аулаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым - Sputnik. Түркістан облысында Шардара су қоймасында қорықшыларға қарсылық көрсеткен алты браконьер ұсталды, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Сайттың хабарлауынша, балықшылар заңсыз балық аулап жүрген. Бұл кезде оларды қорықшылар байқап қалады.  Оларды ұстау кезінде тұрғындар су қорықшыларына қарсылық көрсетіп, төбелескен.

Салдарынан инспекторлардың бірі жарақат алды. Ол Жетісай облыстық ауруханасына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында браконьердің әкесі инспекторларға оқ атты

Заңсыз балық аулау және қорықшыларға күш көрсету бойынша күдіктілер екі күннен кейін Мақтаарал ауданынан 120 шақырым қашықтықта ұсталды.

Күдіктілерге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0