Қоғам

Тауда адасып кетпес үшін не істеу керек – құтқарушы кеңесі

© Sputnik / Болат ШайхиновОсень в горах Алматы
Осень в горах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Жазылу
Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Айдос Мұхаметжанов тауда адаспаудың жолын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Жуырда Түркістан облысында жеті турист тауда адасып кетті. Үшеуі аман-есен отбасымен қауышса, үшеуі өлі табылды. Қалған біреуін құтқарушылар әлі іздеп жатыр. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар жазғы демалыс кезінде жиілейді. Тауға алғаш шыққан адам ғана емес, талай шыңды бағындырған тәжірибелі туристің өзі де үйіне қайтып келмей жатады.

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Айдос Мұхаметжанов тауда адаспаудың жолын айтып, туристерге кеңес берді.

Тауға шықпас бұрын не істеу керек

Мұхаметжановтың айтуынша, кез келген турист тауға шығар алдында отбасына, жақын достарына қайда бет алғанын, қашан оралатынын ескертуі керек. Тауда ұялы байланыс ұстамай, хабар беру мүмкін болмаса, туыстары міндетті түрде дабыл қағады.

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиТүркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен азаматтарды іздестіру үстінде
Тауда адасып кетпес үшін не істеу керек – құтқарушы кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен азаматтарды іздестіру үстінде

Ауа райын қарап шыққан абзал. Дабылды ескерту туралы хабарлама келген жағдайда, саяхатты кейінге қалдырған дұрыс.

"Өзімен бірге міндетті түрде жылы киімі, ауыстыратын киімі болуы қажет. Себебі тауда жаңбыр жауып, күн күрт суытуы мүмкін. Төменгі жақта жылы болғанымен, жоғарыда суық, жел соғып тұрады. Жейтін тамағы, оттығы болуға тиіс. Сонымен бірге қазіргі заманда пауэрбанк ең қажетті дүниенің біріне айналды, сөмкенің бір қалтасына сала салуды ұмытпаңыз. Көп жағдайда телефон байланыс аясында болып тұрады, бірақ қуаты таусылып қалып жатады", - деді құтқарушы.

Бұған қоса, өзімен бірге дәрі-дәрмек қобдишасын алу керек. Осы орайда Мұхаметжанов сырқаты, қан қысымы бар адамдарға тауға шықпауға кеңес берді. Өйткені тауда қысым өзгеше, тыныс алу қиындайды.

Туристер неге адасады

Айдос Мұхаметжановтың айтуынша ауа райының күрт өзгеруі тауда адамдардың адасуына себеп болады.

"Мысалы тұман басуы мүмкін. Соны көре тұра адамдар түс ауғанда көтеріліп, шығам дегенше кеш батады. Одан кейін өзі көтерілген жолмен түсуге ерініп, жолды қысқарту үшін көп біле бермейтін бағытқа түседі. Сөйтіп адасады. Сол себепті ерінбей өзі көтерілген жолмен қайту керек", - деді ол.

Дала қараңғы, байланыс ұстамаса, құтқарушыларға жарық құралдарымен немесе от жағып белгі беруге болады.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысының тауларында тағы 4 адам жоғалып кетті

Мұхаметжанов туристерге тауға жалғыз емес, топпен шығуға кеңес берді. Егер мүлдем бармаған жерді көруді жоспарлап отырсаңыз, гидтің көмегіне жүгінген абзал. 

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиТүркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен туристерді іздестіруді жалғастыруда
Тауда адасып кетпес үшін не істеу керек – құтқарушы кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2021
Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен туристерді іздестіруді жалғастыруда

Құтқарушының айтуынша, оңтүстіктегі тауларда қауіпті жартастар баршылық, тастар қозғалып тұрады. Сол себепті топпен шыққанда, бірінің артынан бірі емес, бірі оңға, екінші солға жүрген дұрыс. Өйткені тас домалап, адам құлап кетуі мүмкін деп ескертті ол.

Түркістан облысында жоғалған туристер

25 мамыр кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жігіттердің бірі ауырып қалғандықтан, олар екі топқа бөлінген. Үшеуі көмек күтіп қалған, ал төртеуі құтқарушыларды шақыруға кеткен.

Жаңалықтар
0