НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 058 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 257,
- Алматы қаласында - 111,
- Шымкент қаласында – 30,
- Ақмола облысында – 45,
- Ақтөбе облысында - 17,
- Алматы облысында - 46,
- Атырау облысында - 48,
- Шығыс Қазақстан облысында - 87,
- Жамбыл облысында - 20,
- Батыс Қазақстан облысында - 82,
- Қарағанды облысында - 171,
- Қостанай облысында - 34,
- Қызылорда облысында - 11,
- Маңғыстау облысында - 25
- Павлодар облысында - 44,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 16,
- Түркістан облысында - 14.
Пандемия басталғалы барлығы республика бойынша 401 272 адам індетке шалдықты.
Сонымен қатар өткен тәулікте 1 374 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Былтыр наурыздан бері 376 831 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.