Видео

Әзербайжандық шебер теріден, тастан және сүйектен ерекше бұйымдар жасайды - видео

Жазылу
Бакулік Рашад Өтүкеннің ерекше ісі бар. Ол сүйек тұтқалары бар пышақтар жасайды. Пышақтарды өз қолымен әзірлеген сауыттарда сақтайды

Шебер туындыларын Азия даласының ежелгі тұрғындарының ою-өрнектерімен, оның ішінде бақсылық белгілермен безендіреді.

Баку тұрғыны Рашад Өтүкен Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясында дәнекерлеуші ​​болып жұмыс істейді. Оның хоббиі - тастан және ағаштан ойып бұйым жасау. Рашадтың бұл ісі оны елге әйгілі шебер ретінде танытты, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.  

Осы жылдар ішінде шебер біліктілігін арттыру үстінде, оймаға жақсы құрал-жабдықтар қажет болды. Алайда қажетті пышақтар өте қымбат болды, сондықтан ол оны өзі жасай бастады.

Оқи отырыңыз: Әзербайжан президенті 58 жасқа толды: Тоқаев әріптесіне не тіледі

Өтүкен - Орта Азиядағы таудың атауы, Рашад оны өзінің бүркеншік аты ретінде таңдаған.

Жаңалықтар
0