АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан астанасында бассейндері бар жасанды жағажай пайда болады. Ол Сарайшық көшесіндегі көпірдің жанындағы Триатлон саябағында салынады. Елорда әкімдігі жаңа демалыс аймағының эскизін ұсынды.
Жағажай Есіл өзеніне қарап тұратын оқшауланған тақтайлы аралда жабдықталады, деп атап өтті сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Судағы жаңа кешен қалқымалы понтондарда ұйымдастырылады.
"Қала әкімінен жағажай салуды сұраған тұрғындар осындай ұсыныс айтты. Қала тұрғындарының тілегін негізге ала отырып, Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес жұмыстар басталды. Оны қала күніне орай ашу жоспарлануда", - деді Нұрлан Ұранхаев.
Жағажайда шезлонг, тамақтану орындары болады. Кешенге велосипедпен жетуге болады.
Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкеннің айтуынша, барлық саябақты веложолдармен біріктіріп, оларды инклюзивті ету жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұл ауданда өткен жылы көпір астында арт-инсталляциялары, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары, баскетбол және балалар алаңдары бар жаңа демалыс орны құрылды.