Қоғам

Бұрынғы еңбек министрі Нұрымбетовтің ағасы 10 жылға сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовный кодекс Казахстана
Уголовный кодекс Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
Тараз соты Тимуржан Нұрымбетовтің мемлекетке 54 миллион теңге (126 000 доллар) көлемінде залал келтіргені туралы қаулы қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Тараздың қылмыстық істер жөніндегі соты экс-еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтің ағасы Тимуржан Нұрымбетовті 10 жылға бас бостандығынан айырды. Судья Нұрымбетов жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы болған кезде мемлекетке 54 миллион теңге көлемінде залал келтірді деген қорытынды жасады.

Тараз қалалық соты Нұрымбетовті "Алаяқтық" және "Өкілеттікті асыра пайдалану" баптары бойынша он жылға соттады, деп хабарлады Тараз сотының баспасөз қызметі.

Желіні шулатқан видео: Маңғыстау облысында пара алған шенеунік сотталды

Тергеу Нұрымбетовті 44 миллион теңгеден (102 000 доллар) астам көлемде пара алды, алаяқтық жасады, ақшаны заңдастырды және қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыптады. Мемлекетке жалпы сомасы 54 миллион теңгеден астам залал келтірілген.

Жалпы алғанда, Нұрымбетов 10 жылға сотталып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен бірге, сот күдіктінің іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақшаны заңдастырды деген айыппен келіспей, оны ақтады.

Жаңалықтар
0