Қоғам

Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді

© Sputnik / Владислав ВодневПресс-конференция в Министерстве культуры и спорта РК. Молдир Ауелбекова
Пресс-конференция в Министерстве культуры и спорта РК. Молдир Ауелбекова - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
Әнші былтыр екінші рет тұрмыс құрды. Содан кейін орамал тағып, киім кию үлгісін өзгертті

АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сүйінші жаңалықты Мөлдірдің әпкесі Меруерт Әуелбекова жариялады.

"Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма күні Мөлдір қыздарыңыз қыз босанды. Аллаға сансыз шүкір, бәрі жақсы. Қош келдің, Айша қыз! Алла ұзақ, бақытты ғұмыр берсін, ботақаным", - деп жазды Меруерт Әуелбекова.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова былтыр екінші рет тұрмыс құрды. Содан кейін орамал тағып, киім кию үлгісін өзгертті. Мөлдірдің жаңа образына қатысты мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова да пікір білдірді.

Екінші сәбиіне жүкті кезінде Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып ауруханаға түсті. Содан кейін босанғанша үйден шықпай, күтінетінін айтқан еді.

Айта кетейік, әнші алғашқы некесінен 2016 жылы ұл босанды.

Жаңалықтар
0