Өңірлер

Түркістан қаласының әкімі ауысты

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиТүркістан қаласы
Түркістан қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған Нұрбол Тұрашбеков бұған дейін Түлкібас пен Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарған

АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Түркістан қаласының әкімі болып Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. 

Жаңа әкімді қала активіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат - міндеттерін айқындап берді. 

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен жаңа тағайындалған Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков
Түркістан қаласының әкімі ауысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен жаңа тағайындалған Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков

Түркістан қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

"Түркістан қаласының дамуының бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталды. Өздеріңізге белгілі, жақында ғана өңірдің кешенді жоспары бекітілді. Онда алдағы 5 жылда атқарылар жұмыстар нақтыланған. Осындай киелі мекенді басқару бұйырған жаңа әкімнің алдағы жұмысына сәттілік тілейміз", - деді облыс әкімі. 

Бұған дейін бұл қызметті Рашид Аюпов атқарған болатын.

Ал Тұрашбеков 2020 жылдың мамырынан бері Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған.

Нұрбол Тұрашбековтың өмірбаяны

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТүркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков
Түркістан қаласының әкімі ауысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы "Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2012 жылы "Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Оқи отырыңыз: Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

2016 жылдың сәуір айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" дирекциясы директорының орынбасары болды.

"Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру" дирекциясы мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2017 жылы Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылы Ордабасы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Жаңалықтар
0