НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 1 144 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
Ал бір күн бұрын республика бойынша 1000 адамның індет жұқтырғаны хабарланған.
Қалалар мен өңірлер статистикасы:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 222
- Қарағанды облысы - 160
- Алматы қаласы - 126
- Батыс Қазақстан облысы - 89
- Шығыс Қазақстан облысы - 79
- Атырау облысы - 69
- Алматы облысы - 64
- Шымкент қаласы - 58
- Ақмола облысы - 48
- Маңғыстау облысы - 45
- Павлодар облысы - 41
- Қостанай облысы - 35
- Жамбыл облысы - 32
- Ақтөбе облысы - 30
- Түркістан облысы - 19
- Солтүстік Қазақстан облысы - 17
- Қызылорда облысы - 10
Жалпы республика бойынша 397 976 жағдай анықталды.