Оқиға

Қарағанды базарында ер адам белгісіз жағдайда қайтыс болды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевҚоршау белгісі
Қоршау белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Полиция басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдайға ер адамның денсаулық жағдайы себеп болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қарағандыда Майқұдық ықшам ауданындағы "Горняк" базарында ер адам қайтыс болды, алайда оның қазасына нақты не себеп болғаны әлі айтылмады.

Әлеуметтік желіде 32 жастағы экспедитордың тауар әкелгенін жазып жатыр. Әлеуметтік павильонда баспалдақтан түсіп бара жатқанда темір қоршауға тиіп, оны тоқ ұрған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. 

Қарағанды әкімдігі осы жағдайға байланысты түсініктеме берді, алайда ер адамның тоққа түсіп қайтыс болғаны туралы ақпаратты растамады.

"Қарағанды қаласы полиция басқармасының мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі – ер адамның денсаулық жағдайы. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала қорытынды жасамауды және тексерілмеген ақпарат таратпауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

"Қарағанды патриоты" паблигінің мәліметінше, марқұмның артында екі баласы қалды.

Оқи отырыңыз: Көлігі өзеннен табылды: Қарағанды ​​облысында кәсіпкер іздестіріліп жатыр

Жаңалықтар
0