Экономика

Арнайы салық режимі ұзартылады – кәсіпкерлер миллиардтаған ақшаны үнемдей алады

© Sputnik / Абзал КалиевЕсеп-қисап жүргізу
Есеп-қисап жүргізу - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Жақсылықовтың айтуынша, заң жобасында қоғамдық тамақтану саласы үшін бөлшек салық режимін 2023 жылдан 2025 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов бөлшек салықты ұзартудың тиімділігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Аталған құжат бойынша қоғамдық тамақтану нысандары үшін бөлшек салықтың режимін ұзарту қарастырылып отыр. Бірақ салықтың мөлшерлемесі 3 проценттен 6-ға дейін көтеріледі.

Осы заң жобасында қоғамдық тамақтану саласы үшін бөлшек салық режимін 2023 жылдан 2025 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр. Салықтың мөлшері 6 процент болады. Бұл – тиімді шара.

"Неге десеңіз, салықтың дәл осы түрі, әсіресе қаржы айналымы 30 000 АЕК-тен, яғни 87 миллион теңгеден асатын кәсіпорындар үшін тиімді болады. Осылайша, бөлшек салық режимін таңдайтындар қосарланған құн салығын да, әлеуметтік салықты да төлемейді. Осының арқасында біраз ақшасын үнемдейді", – деді Жақсылықов.

Оның айтуынша, бөлшек салықты есептеу жүйесі жеңіл әрі ыңғайлы болады. Қазіргі болжамға сәйкес, 2025 жылға дейін осы режимнің арқасында кәсіпкерлер 18 миллиард теңгені үнемдей алады.

Айта кетейік, бөлшек салық режимі биыл екі жылға енгізілген болатын. Жыл басынан бері оған 300-ден астам кәсіпкерлік нысан ауысты. Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы жылдың соңына дейін осы көрсеткішті 2 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: 1 шілдеден бастап салық төлеуге байланысты қандай өзгеріс болады

Сенаттың бүгінгі отырысында депутаттар заң жобасы бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюна жіберді.

Жаңалықтар
0