Өңірлер

Әбдіқалықова төтенше жағдай енгізуге қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевҚызылорда қаласы
Қызылорда қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Облыс басшысының айтуынша, өңірде төтенше жағдай жриялау мәселесі алдағы бір аптаның ішінде белгілі болады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова малдың қырылуына байланысты төтенше жағдайды енгізу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы, төтенше жағдай облыс бойынша жарияланбайды. Өйткені бұл жағдай Арал ауданында тіркеліп отыр. Қазіргі кезде ауданда малдың өлімі тоқтатылды. Бірақ Аралдың әкімдігі басқа құзіретті органдармен бірігіп, төтенше жағдайдың қажеттілігін пысықтап жатыр", – деді Әбдіқалықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, биыл қыс ұзақ болды, қар да аз түсті. Ал көктемде жеткілікті мөлшерде жаумады. Содан шөп пен мал азығының тапшылығы туындады. Наурыз-сәуір айында жеті ауылда 300-ден астам жылқы мен 150-ге жуық ірі қара қырылды.

"Төтенше жағдай мәселесі бір аптаның ішінде белгілі болады. Егер малдың азаюы болмаса, онда төтенше жағдайды енгізудің қажеті жоқ", – деп атап көрсетті аймақ басшысы.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Осы орайда Әбдіқалықова көрші аудандардан 500 тоннадан астам мал азығының жеткізілгенін айтты. Бұдан бөлек, азық-түлік корпорациясынан қосымша өнім алу жоспарланып отыр. Бұның барлығы шаруаларға төмен бағамен жеткізіледі.

Жаңалықтар
0