Экономика

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өсе ме – министрлік жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевАқылы жолдар
Ақылы жолдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Индустрия министрлігі ақылы жолдардың тарифі бес есе өседі деген ақпаратты жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақылы жолдарда жолақыны өсіру жоспарда жоқ екеніне сендірді.

Нұр-Сұлтанда индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев пен "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың кездесуі өтті.

Бұған дейін "Ақ жол" депутаттары ақылы жолдарға наразылық білдірген жүргізушілер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен болатын.

Вице-министр Берік Қамалиев депутаттардың ақылы жолдардың тарифі бес есе көтерілетіні туралы ақпараты шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Тарифтер 2013 жылдан, яғни "Нұр-Сұлтан-Щучье" автожолына төлем жүйесі енгізілгеннен бері өзгеріссіз қалған: жеңіл көлік үшін – 1 шақырымға 1 теңге, жүк көлігі үшін – 1 шақырымға 5-тен 25 теңгеге дейін, яғни жүк көтергіштігіне байланысты.

Бұдан бөлек, вице-министр Қазақстанда тарифтер басқа елдермен салыстырғанда төмен екенін баса айтты.

Тағы оқыңыз: "Бүкіл Қазақстан қарсы": маңғыстаулық жүргізушілер тас жолды жауып тастады

Барлық 4 ақылы учаскеден 2020 жылы 5,7 миллиард теңге түсім түскен. 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ақылы учаскелерден 2,3 миллиард теңге жиналған. Түскен қаражаттың барлығы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.

Сонымен қатар министрлік төлем жүйесі тек қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және көліктердің жүруіне жайлы учаскелерде енгізілгенін атап өтті.

Еске салсақ, ақылы жолдарға қарсы митингтер Қазақстанның түрлі өңірінде өтті. Автокөлік иелері онсызда көлік салығын төлейтінін, ал жол сапасы сын көтермейтінін мәлімдеді. Бұған қоса, жол ақысының көтерілуі басқа тауарлар мен азық-түліктің қымбаттауына әкеп соғады деп санайды олар.

Жаңалықтар
0