Қоғам

Азия чемпионатының жүлдегері Дубайдан келген бойда әскерге аттанды

© Sputnik / Тимур БатыршинСап түзеген сарбаздар
Сап түзеген сарбаздар - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Аманқұл алдағы бір жыл бойы қорғаныс министрлігінің спорт ротасында қатардағы жауынгер ретінде қызмет ететін болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Отан алдындағы борышын өтеу үшін еліміздің қарулы күштері қатарына қосылды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство дерегінше, Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатынан оралғаннан кейін спортшы армияға шақырту алған. Сөйтіп, жалпы негізде медициналық комиссиядан өткен ол әскери қызметке жарамды деп танылған. 

​Ендігі жерде Аманқұл бір жыл бойы қорғаныс министрлігінің спорт ротасында қатардағы жауынгер ретінде қызмет етеді.

"Менің ойымша, әрбір ер адам Отан алдындағы борышын өтеуі керек. Өзімнің Отан алдындағы борышымды лайықты өтейтініме сенімдімін", – дейді боксшы.

Айта кетейік, жуырда ғана Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында Әбілхан Аманқұл финалда өзбек Саиджамшид Джафаровқа даулы шешіммен жеңіліп, күміс медаль иеленген болатын.

Оқи отырыңыз: Назарбаев: әскери форма киген адам нағыз патриот болып саналады

Жаңалықтар
0