Өңірлер

Басына белтемір құлаған: Степногорда 6 жасар бала аулада ес-түссіз күйде табылды

© Photo : Сайт акимата г. Нур-СултанАула
Аула - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Алты жасар Мансұрдың анасына болған жағдайды аулада ойнап жүрген балалар телефонмен хабарласып айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ақмола облысының Степногор қаласында алты жасар балақайға темір конструкция құлап, бас сүйегі жарылды. Бұғы бейнесіндегі мателл құрылғы балалардың ойын алаңына белтемір ретінде орнатылған екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мансұрдың анасы Мақпал Жұмабекованың айтуынша, түбі босап тұрған темір конструкция баласының басына құлаған.

"Сап-сау баламның бас сүйегін тесіп ота жасады. Ендігі күні не болады? Әкімге де, прокуратураға да бардық. Ешқандай жауап жоқ. Уақыт өтеді, ұмытылады деп ойлап жүрген шығар", – дейді ол.

Кішкентай Мансұрдың басы сол жерде қанжоса болып, ес-түссіз жатқан. Аулада бірге ойнап жүрген балалар болған жағдайды оның анасына телефонмен хабарлаған.

Содан соң жедел жәрдеммен бірден жансақтау бөліміне жеткізіліп, балақайдың бас сүйегіне трепанация жасалған. Яғни, бассүйегін тесіп ота жасапты. Мансұр қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Ал оқыс оқиға болған ауладағы әткеншектер тым сапасыз дейді Мансұрдың анасы. Биыл мектеп табалдырығын аттаған балақайдың ата-анасы болған жағдайды айтып құзырлы орындарға шағымданыпты. Алайда жазаға тартатын ешкім жоқ. Себебі қауіпті алаңдар иесіз екен.

"Ол алаң Кеңес одағы уақытынан бері тұр. Осы жағдайдан кейін тапсырма бердік. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесі мен ПИК өзге де алаңдарды қарап шығатын болады", – дейді Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақтау полицейлері балаларды аула ішінде қуу себебін түсіндірді – видео

Мұндай нысандардың осы кезге дейін не себепті есепке алынбағанын айта алмаған шенеунік алдағы уақытта тексеріс жүргізіліп, бүлінген алаңдарды қайта қалпына келтіретінін атап өтті.

Жаңалықтар
0