Қоғам

Солтүстік Қазақтанда жазғы демалысқа келген 8 жасар қыз іздестіріліп жатыр

CC0 / / Дети на берегу
Дети на берегу - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Сегіз жасар қыздың туыс ағасы олар бірге шомылғандарын, қарындасын су ағысы әкеткенін айтып берді. Қыздың заттары жағалаудан табылған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полиция заттары Есіл жағалауынан табылған сегіз жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай Есіл ауданының Покровка ауылында болған. Қыз бала демалысқа әжесінің үйіне келген.

"Әжесі қыз бала үйіне қайтпаған соң, кешке қарай іздеу салған. Ол осы жағдай туралы учаскелік полиция инспекторына хабарлаған. Тәртіп сақшысы баланы іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, бұл шараға волонтерлер мен төтенше жағдай қызметкерлерін тартқан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.

Есіл жағалауында ауылда шамамен 500 километр қашықтықта қыздың  киімдері табылды. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер жұмылдырылды.

Күндіз жоғалған қыз бала өзімен жасты туыс ағасымен бірге ойнап жүрген. Ұл бала үйге келген соң, қарындасы қайда екенін түсіндіре алмаған. Кейіннен ол шомылып жүрген кезде қарындасын су ағысы әкеткенін айтып берген.

"Сәйкес хабарлама кешкі сағат 11 шамасынде келіп түсті. Түнімен іздеу жұмыстары жүргізілді. Қазір де бұл жұмыстар жалғасып жатыр", - деді Есіл ауданы полиция бөлімінің басшысы Ерлік Еслямбеков.

Оқи отырыңыз: Басына белтемір құлаған: Степногорда 6 жасар бала аулада ес-түссіз күйде табылды

Еске салсақ, 31 мамырда Шал қын ауданындағы Мерген аулының маңында 2009 және 2011 жылы туған ағалы-қарындас суға батып кетті.

Полиция қызметкерлері судағы қайғылы жағдайдың жиілеуіне байланысты балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Жаңалықтар
0