Өңірлер

Шу ауданында ер адам полицейге бірнеше рет пышақ сұғып алды – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Полиция қызметкерін пышақтаған ер адам ұсталды. Тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Шу ауданында учаскелік полиция инспекторы бірнеше пышақ жарақатын алды, деп xабарлайды Polisia kz.

8 маусым күні түнгі сағат 22:50 шамасында Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының ұялы телефонына Шу қаласының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің азаматтық некедегі күйеуі отбасылық жанжал шығарып жатқандығы туралы айтқан. Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы жанжал шығарушы бірнеше рет пышақ жарақатын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, оның денсаулығына қауіп жоқ.

Оқи отырыңыз: Қыз үшін төбелескен: Қостанайдың үш тұрғыны ауруханаға жеткізілді

Аталған дерек бойынша “Сирена-1”, “Тосқауыл” жоспарлары жарияланып, іздеу жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ізін суытпай Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды, оның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды. Ол Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды",   - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов фейсбук парақшасында.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0