Қоғам

Ресейлік журналист Тоқаев жайлы авторлық хабарын жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства
Президент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Автор президент бастамасымен қолға алынған реформалар туралы, онымен кездескенде алған өз әсері жайлы егжей-тегжейлі әңгімелейді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым - Sputnik. Белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Автор "Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева" деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған", - деді.

Берік Уәлидің ақпаратына сәйкес, тарихшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың наурызында мемлекет басшысы қызметінен кетті. 9 шілдеде өткен кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланды (ол 70,96% сайлаушының қолдауына ие болды).

Жаңалықтар
0