Өңірлер

Павлодарда жұмысшының үстіне балқыған металл төгілді: ер адам қайтыс болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуМеталлург, архивное фото
Металлург, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Ер адам 90% дене күйігімен жансақтау бөліміне жеткізілді, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым - Sputnik. Павлодарда жазатайым оқиға салдарынан кәсіпорындардың біріндегі темір оюшы қайтыс болды. Ер адамға шөміштен балқыған металл төгіліп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға туралы толық ақпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарланды. 8 маусым күні Павлодар қаласының кәсіпорындардың бірінде 32 жастағы тұрғын жарақат алды.

"Ауруханаға термиялық күйік алған адам түсті. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Жедел жәрдем түн ортасында шақырылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға денсаулық сақтау басқармасының өкілі Эльмира Темірғалиева. Күйік алған азамат №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. 1989 жылы туған адамның денесінде төртінші дәрежелі 90% күйік болып, таңғы 5:15-те қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Ақтауда кәріз құдығына құлап кеткен бала күйіп қалды

Облыстың еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов марқұм "Кастинг" ЖШС-нің металл кескіші болғанын айтты. Апат шөміштен ыстық металдың төгілуі салдарынан болған. Бұл төтенше жағдайға кім кінәлі екенін тексеру анықтайды, деді Қапанов.

Жаңалықтар
0