Қоғам

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевБақтияр Артаев
Бақтияр Артаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Бақтияр Артаев бірнеше жыл бұрын Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған

АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. 2004 жылы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бокстан мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұл туралы Astana Arlans клубының парақшасында хабарланды.

Бұған дейін бұл қызметті Болат Әбдірахманов атқарған.

Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында туған. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, I дәрежелі "Барыс" орденінің иегері.

Оқи отырыңыз: Бақтияр Артаев Головкиннің орнында болса, не істейтінін айтты

Бақтияр Артаев бірнеше жыл бұрын Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 2009-2011 жылдар аралығында Жамбыл облысында туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

2011 жылы қаңтарда Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.

Жаңалықтар
0