Қоғам

Құтқарушылар Түркістан облысында тауда жоғалған студенттердің заттарын тапты – видео

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям КазахстанаТүркістан облысында жоғалған туристер
Түркістан облысында жоғалған туристер - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Құтқарушылар Өгем өзенінің бойынан жемпір, аяқ қиім және ұйықтауға арналған қап тапты. Жоғалған туристің анасы өз ұлының киімін таныды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Түркістан облысында тауда жоғалған туристердің киімі Өгем өзенінің бойынан табылды.

"Бүгін сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендерінің қосылған тұсынан 500 метр қашықтықта жоғалған туристердің заттары (жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап) табылды. Құтқарушылар оларды полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныған.

Қазіргі уақытта жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда. Аймақта "Қазавиақұтқару" тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді ведомстводағылар.  

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям Казахстана Өзен бойынан табылған заттар
Құтқарушылар Түркістан облысында тауда жоғалған студенттердің заттарын тапты – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Өзен бойынан табылған заттар

Із-түзсіз кеткен туристер осымен он бесінші тәулік іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ, полиция департаменттері, ҰҚК Шекара қызметі, Орман шаруашылығы, Өзбекстан ТЖМ жеке құрамының 137 қызметкері, 17 бірлік техника, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүргізілуде.

Түркістан облысында жоғалған туристер

Еске салсақ, 25 мамырда кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жігіттердің бірі ауырып қалғандықтан, олар екі топқа бөлінген. Үшеуі көмек күтіп қалған, ал төртеуі құтқарушыларды шақыруға кеткен.

28 мамырда бірінші топ аман-есен отбасымен қауышты. 29 мамырда екі туристің мәйіті табылды. Қалған екі жігіт әлі іздестірілуде.

Тауға шыққан туристер – Назарбаев университетінің студенттері, біреуі – мектеп түлегі. Топ 21 мамырда "Сары-Айғыр" шатқалына аттанып, 24 мамырда үйге оралуды жоспарлаған.

Жаңалықтар
0